19 қазаннан бастап Жамбыл облысында карантин күшейтіледі

0
1897

Жамбыл облысында 19 қазаннан бастап карантин шаралары күшейтіледі. Бұл туралы Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитары Салтанат Әлібаеваның қабылдаған жаңа қаулысында айтылған. Шектеу шаралары 19 қазан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

19 қазаннан бастап аймақтағы жабық азық-түлік базарлары, сауда орталықтары мен азық-түлік сатпайтын базарлар мереке және демалыс күндері жұмыс істемейді.

Сонымен қатар, букмекер кеңселері, боулинг, компьютер клубтары, караоке, бильярд, кинотеатрлар, көңіл көтеру орындары, балалар аттракциондарының қызметіне шектеу қойылады.

Өңірдегі мал базарлары жұмысын тоқтатады. Жұртшылыққа той мен мерекелік шаралар, түрлі жиындар, өткізуге тиым салынады.
Жерлеу рәсіміне 30 адамнан артық қатысуға рұқсат етілмейді.

Енгізілген шектеулерге байланысты тұрғындарға кешкі сағат 23:00 мен таңғы 06:00 аралығында жүріп-тұруға рұқсат етілмейді.

Паркте, көшеде бір отбасы мүшелері болмаса, жалпы үш адамнан артық топтасып жүруіне болмайды.

Дәмханалардағы адамдар саны 50-ден аспауы тиіс. Арақашықтық, сақтық шаралары сақталуы қажет. Қоғамдық тамақтану орындары таңғы 6-дан кешкі 22:00 дейін ғана жұмыс істейді.

Қоғамдық моншалар, сауналар алдын ала жазылу арқылы таңғы 6-дан кешкі 22:00 дейін қызмет көрсетеді.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here