Жамбыл облысында мал басы 5,3%-ға артты

0
28

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Берік Нығмашевтің қатысуымен «Жамбыл облысы агроөнеркәсіп кешенінің 9 айда атқарылған жұмысы туралы» баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Ағымдағы жылдың 9 айында Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өнімі 273 млрд. теңгені құрап, 103,4%-ға өсті. Оның ішінде егін шаруашылығы өнімі 164,9 млрд. теңгеге өндіріліп, 104,7%-ға артты. Мал шаруашылығында 106,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріп, 101,6%-ға артып отыр.

Аймақтағы төрт-түліктің саны 3,9 млн. басқа жетіп, 5,3%-ға артқан.
Жыл басынан бері ауыл шаруашылығына 22,5 млрд. теңге инвестиция салынып, өсім 103,9%-ға дейін жетіп отыр.

Бүгінгі күнге жоспарланған 359,3 мың гектар дәнді масақты дақылдары орылып, барлығы 817 мың тонна дән бастырылды. Орташа өнімділігі әр гектардан 22,7 центнерді құраған(2019 жылы 750 мың тонна).
2020 жылы су үнемдеу технологиясы 30 мың гектарға ендіріліп, 2019 жылмен салыстырғанда 10 мың гектарға артты.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here