Таразда «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы өтті

0 7

Бүгін Тараз қаласында Жамбыл облыстық Махмұд Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі ұйғыр этносы күніне орай  дәстүрге айналған «Біз Біргеміз» атты қайырымдылық акциясын өткізіліп, 60 отбасыға азық-түлік пен киім-кешек үлестірді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Тараз қаласы 5 мөлтек ауданындағы №24-25 жатақхана тұрғындарына ұйғыр этносынан көрсетілген әлеуметтік көмектің жалпы құны 1 млн. теңгені құрады. Оның ішінде 1 тоннаға жуық азық-түлікте бар.

Көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жақсылық жасау мақсатында ұйымдастырылған шараға ұйғыр этнос өкілдері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы және БАҚ өкілдері қатысты.

— Қайырымдылық жасау біз үшін дәстүрге айналған. Қысылтаяң уақытта халық бір-бірін демеп жіберсе одан әрі нұрлана түсері анық. Жасаған әрбір жақсылығымыз елге аз да болса қуаныш сыйласа, мен үшін соны көру үлкен бақыт. Сондықтан, жақсылық жасап жарысуға тырысуымыз керек. Ал бүгінгі «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы жастарға үлгі болары хақ. Осы орайда артымыздан ерген жастар дәл осылай халыққа жанашырлық білдірсе деген тілегім бар, — деді ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Мұхаббат Тұрдыева.

Сондай-ақ, аталмыш бірлестіктің қайырымды жандары 600-ге жуық адамға киім-кешектер таратып берді. Әлеуметтік көмек көп балалы отбасыларға және мүгедек жандарға дәл қазіргі сәтте демеу болары сөзсіз. Жатақхана тұрғындары бірлестік мүшелеріне алғыстарын жаудырып, амандық тіледі

Leave A Reply

Your email address will not be published.