Жамбылда тұтынушылардың құқықтары көбіне бөлшек саудада жиі бұзылады

0
14

Биылғы жылдың 1-ші жартыжылдығында Департаментпен азаматтардың 205 өтініші қаралды. Өтініштердің сипаты әр сала бойынша әр түрлі. Ең көп түскен өтініш бөлшек сауда саласында. Онда есепті кезеңде – 117 өтініш, бұл 57,1% құрайды. Ал тұтынушылардың құқықтары көбіне бөлшек саудада жиі бұзылады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында ҚР Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Байқадам Дүйсенбаев айтты, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Сондай-ақ, «Азаматтық құқықтарды қорғау Комитеті» қоғамдық бірлестіктің төрайымы Ирина Федорова қатысып, жұмыс барысымен бөлісті.

Департамент басшысы тұрмыстық коммуналдық шаруашылық қызметі екінші сатыда дейді. 27 өтініш түсіп 13,2% құраған. Ары қарай дәл солай тұрмыстық қызмет көрсету – 27 өтініш (13,2% құрайды. Электронды сауда –17 өтініш (8,3% құрайды. Көлік қызметі – 5 өтініш (2,4% құрайды. Байланыс қызметі – 5 өтініш (2,4% құрайды. Қоғамдық тамақтану – 3 өтініш (1,4% құрайды) және тағы басқалар бар.

— Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы бойынша түскен өтініштердің талдауынан, Жамбыл облысында тұтынушылардың құқықтары көбіне бөлшек саудада жиі бұзылатыны анықталды.Осы салада барлығы 117 өтініш келіп түсті, бұл өтініштердің жалпы санының 57,1% құрайды. Оның ішінде, сапасыз тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тартуы бойынша өтініштер 47,0%-ды, күнтізбелік 14 күн ішінде сапасыз тауарды қайтарудан бас тарту туралы өтініштер 27,4%-ды құрайды, — деді, Б.Дүйсенбаев.

2020 жылғы есептік кезеңмен салыстырғанда өтініштердің жалпы санының өскені байқалады, яғни өтініштер саны 61,4%-ға артқан.Спикер қабылданған жауапкершілік шараларына да тоқталды. Мәселен департаментпен тұтынушылардың 80 өтініші қанағаттандырылған. Бұл барлық өтініштердің 38,6%-ын құрайды.

— Тұтынушыларға 12 894443 теңге қайтарылды және 53 тұтынушы сапасыз тауарларын айырбастады және 118 тұтынушыға түсініктемелер берілді, — деді ол.

Азаматтардың өтініштерінің негізінде Департаментпен 6 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Субъектілерге бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беріліп, «ескерту», «айыппұл» түрінде әкімшілік жазалар қолданылыпты. Айталық олардың қатарында «Таразэнергоорталық» ЖШС, «Зийлан Kz» ЖШС, «Дәрігер Кученевтің емдеу орталығы» мекемесі, «Gulser computers» ЖШС-нің Alser дүкені, «Қазақтелеком» АҚ және «Әулие-ата» аэропорты бар. Ал олардағы негізгі бұзушылықтар – кәсіпкерлер мен тұтынушылардың жазбаша наразылығына жауап бермеу. Әрі тауарды айырбастаудан және қайтарудан бас тартуы.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here