Тараздық полицейлердің жол апатына ұшырау себебі анықталды

0 4

Облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға трактордың қарсы келген көлікке жол бермеуінен болған. Тәртіп сақшылары мінген көлік әуелі трактордың жүк тиегішіне, одан кейін талға соғылған. Бұған дейін екі полиция қызметкерінің ауыр халде ауруханаға жеткізілгендігі туралы хабарлаған едік. Қазір біреуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Айта кету керек, өңірдің Ішкі істер департаменті 2 ақпан күні болған оқыс жағдайды бүгінгі күнге дейін құпия ұстап келген.

Алма Ахметова, облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекші маманы:

— Қазіргі таңда арнайы сараптама тағайындалды. Ал екі қызметкер оқиға орнына бара жатқан. Аталмыш дерек ҚР ҚК 345-бабы екінші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.