Т.Рысқұлов ауданында өрт шықты

0 3

21 ақпанда таңғы сағат 10:35-да Т.Рысқұлов ауданында өртену оқиғасы болды, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Осы ауданға қарасты Луговой станциясы Абикулова көшесінде орналасқан  жеке тұрғын үйдің асханасында басталған өрт үйдің төбе қаптауларын да шарпып өтті .Өрт сағат 11:00-да оқшауланып, Өрт 11:15-де ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 3 өрт сөндіруші мен 1 техниканың  күшімен толық сөндірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.