Седан жүргізушісі әр түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды, екі көлік те қатты бүлінген
Алматыда Қабдолов — Момышұлы көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға куәгерлер.
BMW X6 автокөлігі Момышұлымен, ал Toyota Carina E Қабдолов көшесімен келе жатқан. Жол апаты болған кезде бағдаршамның қызыл түсіне қай көлік өтіп кеткені әзірге белгісіз. Toyota қатты соққыдан Момышұлы көшесінің қарсы жолағына ұшып түскен. BMW жол жиегіне шығып қалған. Екі көлік те жарамсыз күйге түскен.
BMW X6 жүргізушісі апат орнынан бірден жаяу қашып кеткен. Toyota жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілді. Жедел жәрдем оны ауруханаға алып кетті.
Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.