Олимпиада — 2018: Шаңғышы Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды

0 0

Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы спортынан ерлер арасында 50 шақырымдық классикалық жарыста отандасымыз Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған додада барлығы 71 спортшы бақ сынап жатыр. Әзірге үш шаңғышымыз Алексей Полторанин, Евгений Величко және Виталий Пухкало жарыстарын жалғастыруда. Олардың ішінде медальдан басты үміткер Алексей Полторанин 3-ші орында келе жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.