Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалім мен оқушының арасындағы жанжалдың неден туындағаны белгілі болды

0 1

Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі жанжалдың неден туындағаны белгілі болды, деп хабарлайды «Тілші».

Мұғалім мен оқушының арасындағы кикілжің туралы оқу орны басшылығының айтқысы жоқ. Дегенмен, осы білім ордасына жақындығы бар дереккөздер біраз жайтты тарқатты.

«Оған мектептегі махаббат оқиғасы себеп. Оқушы қыздан мұғалімі неліктен кешіге беретінін сұраса керек. Оны білген жігіті мұғалімге шүйліксе керек. Оңаша шығарып алып, сөйлеспек болады. Арты қол жұмсауға дейін барады», — деп хабарлады сенімді дереккөз «Тілшіге».

Келесі күні әлгі 19 жастағы 12 сыныптың оқушысының құрдасы да мұғаліммен сөзге келіп қалады. Онысы тіпті бейнекамераға жазылып қалған деседі.

Бір оқушыны мұғалімдер жағы дауыс беріп, «қашықтықтан оқыту» бөлімінде қалдыру керек деп шешеді. Екінші оқушы өз еркімен арыз жазып, мектептен кетеді.

Өкінішке қарай, мектеп директоры бұл жайтқа қатысты мардымды ештеңе айтпай отыр.

«Мен ештеңе айта алмаймын. Бұл мәселе әлі шешімін таппады. Келесі апта белгілі болады. Біз филиалмыз. Интернетте шулап жатқандай, үлкен мәселе емес. Мұғалім мен оқушының арасындағы келіспеушілік сол күні-ақ шешілді. Екеуара келісімге келді. Ондай шу шығаратындай мәселе болмады», — дейді Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Сабыржан Сәдуақасов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.