Арықты заңсыз қоршағандарды әкімдік сотқа бермек

0 2

15 наурыз күні Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Тараз қаласы аумағындағы дренажды каналдар мен арық жүйелері, гидротехникалық құрылғылар (шлюз) және су өткізгіштердің жағдайын тексеру жұмыстары жүргізілді, деп zhambylnews.kz хабарлайды.

Тексеру жұмыстары қаладағы Кішібесағаш пен Тургенев көшесінің бұрылыстарында жүргізіліп, оған қала әкімдігі мен төтенше жағдайлар басқармасының мамандары қатысты.

Арықтағы қоқыстың кесірінен су жүйесі бұзылған

Тургенев көшесінің бұрылысында орналасқан үй иелері арық жүйелерін заңсыз қоршап алып, үстіне қора – жай мен үй салған. Бұл тасқын кезеңінде судың дұрыс ақпай, жан – жағына жайылып, айналасында орналасқан басқа да үйлерді су басуына әкеліп соғуы мүмкін.

Тұрғындар арық жүйесінің үстіне үй салған

«Арық жүйелерін заңсыз қоршап алған үй иелеріне бірнеше рет қағаз жүзінде ескертулер жіберілген, одан ешқандай нәтиже шықпаған соң қала әкімдігі заң бұзушылыққа байланысты істер экономикалық сотқа жіберілмек,» — деді қала әкімдігінің бас инспекторы Б.Саданов.

Арықты заңсыз қоршап алған тұрғындармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Арық пен үй арасындағы санитарлық зона сақталмаған

Кішібесағаш көшесіндегі заңсыз қоршалған арық жүйесі

Leave A Reply

Your email address will not be published.