Жамбыл жастары Астанаға сәлем жолдады

0 6

Елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойы құрметіне орай ағымдағы жылдың 28 наурызында Жамбыл облыстық білім басқармасының ұйытқы болуымен колледж студенттерінің қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды.

Орталық алаңда өткен іс-шара жастар арасында тәуелсіздігімізді алғалы бері еліміздің жеткен жетістіктерін, бағындырған биік белестерін, толағай табыстарын насихаттау, жастарды патриоттыққа отансүйгіштікке баулу мақсатында өткізілді.

Шара барысында аймақтың жалынды жастары «Астана-20» атауымен флешмоб көрсетіп, елорда туралы ән шырқады.

Бүгінде республиканың әр өңірі Астананың 20 жылдығына арналған мәдени шаралар бастап кетті. Астанаға деген мақтаныш әрбір қазақстандықтың жүрегінде жатыр. Жаңа мыңжылдықтың тұңғыш астанасын салып, Есілдің бойына жағалай ел қондырған Елбасының ерлігі тарихта мәңгі қалары анық. Астанамыз жайнай берсін!

Leave A Reply

Your email address will not be published.