Мәдениет — елдің рухани байлығы

0 1

Бүгінгі таңда Жамбыл облысының ауыл-аймақтарына отызға жуық мәдени нысан жетіспейді. Ал, тәуелсіздік алған жылдардан бері мәдениет, архив мекемелерінің саны 550-ге жуықтаған.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Елбасы ұсынған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен жылы ұйымдастырылған бірқатар ауқымды іс-шараларды атап өтті. Мәселен, «Туған жер», «Қазақстанның сакралды географиясы» базалық бағыттарына аймақтағы 23 жоба енгізілген. Бұдан бөлек, Ұлы Жібек жолы бойындағы «Бектөбе» «Тамды», «Саудакент», «Георгиевск» қалашықтарына археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ал, үстіміздегі жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын-сазгерлердің шығармашылық кеші, республикалық ақындар айтысы өтеді. Астананың 20 жылдығы мен Өзбекстан елінің Қазақстандағы жылы кең көлемді аталып өтпек.

«Ең негізгі жұмыс жоспарымызда жастарды қолдау. Оларға бағыт-бағдар беру. Қазіргі уақытта өңірдің жақсы жерлерін ән-жырға арқау ету үшін ақындарға Ақ Жол» газетімен бірлесіп жазба айтыс ұйымдастырып жатырмыз», — дейді Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсеналы  Бықыбаев.

Дереккөз: Jambyl

Leave A Reply

Your email address will not be published.