Головкинге қарсылас табылмай тұр

0 4

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 8 маусым күні шаршы алаңға шықпақ. Алайда отандасымызға қарсылас табылар емес.

Осыған дейін GGG америкалық боксшы «The Contender» («Үміткер») реалити-шоуының жеңімпазы Брэндон Адамспен жұдырықтасады деп күтілген еді. Тіпті бұл жекпе-жек осы аптада ресми түрде жарияланатыны жайлы да ақпарат тараған. Америкалық журналист Стив Ким бұл жаңалықтың шындыққа жанаспайтыны туралы жазды.

— Брэндон Адамстың Головкинмен жұдырықтасатыны жайлы ақпарат асыра айту, — деп жазды Ким твиттер желісіндегі парақшасына.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.