Головкин атын «өзгертіп» тастады

0 0

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) өз атының ағылшынша айтылуымен келіспейді. Бұл туралы BoxingScene журналисті Кит Айдек мәлімдеді. 

АҚШ-та Головкиннің аты Геннади (Gennady) деп айтылады. Боксшы журналистерге қателікті көрсетті.

– GGG-де қазір жаңа бапкер, жаңа телесеріктес және аты да жаңаша айтылатын болды. Головкин туу туралы куәлікте Геннадий (Gennadiy) екенін айтты. Бірақ АҚШ-та жүрген жеті жылдан кейін неге өзгерту керек болғаны туралы бір ауыз сөз жоқ, — деп жазыпты Айдек. 

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.