Егін орағы жалғасуда

0 4
Аймақта егін ору науқаны басталғанына екі аптадан аса уақыт өтті. Қазіргі кезде бұл жұмыстар Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Мойынқұм және Шу аудандарында қызу жүріп жатыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.
Бүгінде облыс бойынша жиналатын 359,9 мың гектар масақты дәнді дақылдардың 21,9 мың гектары орылып, жалпы түсім 37,9 мың тоннаны (бункерлік салмақта) құрады.
Ал, облыс бойынша әр гектардан алынған өнім 17,3 ц/га құраса, Меркі ауданында — 23,1 ц/га, Жамбыл ауданында — 19,7 ц/га, Шу ауданында — 18,5 ц/га және Қордай ауданында – 18,3 ц/га құрап отыр.
Жалпы биылғы жылы 142,6 мың гектарға күздік, 3,5 мың гектарға жаздық бидай, сондай-ақ 212,2 мың гектарға жаздық және 1,5 мың гектарға күздік арпа егіліп, өткен жылмен салыстырғанда 26,4 мың гектарға артқан болатын.
Сонымен бірге, аймақта шөп ору науқаны қызу жүруде. Бүгінгі күні 197,6 мың гектар көпжылдық шөп орылса, 720,7 мың тонна пішен, 21,5 мың тонна пішендеме дайындалды. Бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сәйкес жалғасуда.
Leave A Reply

Your email address will not be published.