Көлік айдау үшін 083-анықтама талап етілмеуі мүмкін

0
203

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық анықтама саудасымен қалай күресіп жатқанын айтты, – деп хабарлайды “ZhambylNews”  АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Министр Елжан Біртанов келесі жылдан бастап медициналық анықтамалар тек электронды форматта ғана берілетінін айтады.
«Медициналық анықтамалар мемлекеттік емханаларда ғана емес, жекеменшік медицина мекемелерінде де сатылып жатыр. Кей қызметкерлер жұмысын пайдаланып, осындай пайдакүнемдікке барып жүр. Бұл мәселе бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірге жұмыс жасап жатырмыз. Өзге де министрліктермен келісе отырып, 2019 жылдың соңына дейін медициналық анықтамалар тек қана электронды түрде беріледі деген шешім қабылдадық», – дейді веомство басшысы.
Оның айтуынша, анықтама саудасын тыйып, халықты қағазбастылықтан құтқару үшін кейбір медициналық анықтамалардың күші жойылмақ.
«Кей жағдайларда медициналық анықтама қажет емес деген шешім шығардық. Мысалы, медициналық университетке түсу үшін 086-анықтамасы талап етілмейтін болады. Көлік жүргізу құқығын алу үшін талап етілетін 083-анықтама да күшін жоюы мүмкін. Ішкі істер министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз. Олар ақпараттық жүйеге тікелей қосылу арқылы әр азаматтың денсаулық деңгейі туралы білетін болады. Сонда бұл анықтаманың да қажеті болмай қалады», – деді Елжан Біртанов.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here