61 мыңға жуық адам зейнетақы аннуитеті шартын жасаған

0
10

Үстіміздегі жылдың 2 қаңтарында Мемлекет басшысы қол қойған экономикалық өсімді қалпына келтіру туралы заңмен зейнетақы аннуитеті сияқты сақтандыру өнімімен қамтамасыз ету ережелеріне елеулі түзетулер енгізілді. Бұл түзетулер зейнетақы аннуитетін азаматтар үшін қол жетімділігін, әрі тартымдылығын арттыруға әсер етті. Бұл туралы Орталық коммункиациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Сақтандыру нарығын дамыту басқармасының бастығы Сағи Әжібек мәлімдеді. Ол негізгі өзгертулерге тоқталды.

«Біріншіден, зейнетақы аннуитеті бойынша ең төменгі төлем мөлшерінің минималды зейнетақыдан ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% пайызына дейін өзгеруі, бұл аннуитеттің құнын шамамен 40% пайызға төмендеткен; екіншіден төлемдері кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті енгізілді. Бұл сақтандыру өнімі бойынша азаматтар 45 жастан бастап зейнетақы аннуитетіның шартын жасай алады, ал төлемдерді ересектер 55 жастан бастап, әйелдер 52 жастан бастап ала бастайды», — деді С.Әжібек.

Спикердің мәліметінше, бүгінде 61 мыңға жуық адам өмірді сақтандыру компаниясымен жалпы сомасы 283 млрд теңгені құрайтын зейнетақы аннуитеті шарттарын жасап, өздерін зейнетке шыққанда өмірлік төлемдермен қамтамасыз етті. Айта кетейік, қазіргі кезде сақтандыру нарығында 9 өмірді сақтандыру компаниясы бар, олардың қызметі лицензия негізінде жүргізіледі және мемлекетпен бақыланады. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры есебінен зейнетақы аннуитеті бойынша төлемдерге кепілдік беріледі, бұл өмірді сақтандыру компаниясы банкроттық жағдайында зейнетақы аннуитеті бойынша үзіліссіз төлемдерді және сақтанушылар алдындағы міндеттемелерді орындаудың үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here