Сарысу ауданында бұзылып кеткен тоғандар қайта бекітіле бастады. Бұл жұмысқа аудан әкімі бастамашы болуда, -деп жазады «Zhambylnews» АА.
Ауданға қарасты Тоғызкент, Досбол, Жаңаталап, Игілік, Жайылма ауылдық округтеріндегі жайылымдық, шабындық жерлеріне Талас өзенінің суын жеткізу мақсатында арнайы жұмыстар жүргізілуде. Қазір Талас ауданы, Үшарал ауылының аумағына қарай бұзылып кеткен тоғанды бекіту жұмыстары ұйымдастырылды.
Онда аталған округтерден 50 адам жұмылдырылып, 1 трактор (погрузщик), 2000 қап құм жұмсалды.