Ғалымдар қарындағы майды кетіретін сусынды атады

0 15
Ғалымдар көк шайдың қарындағы майды кетіретінін анықтады. Бұған қоса, мамандар артық салмақтан арылу үшін күнделікті міндетті түрде жеміс-жидек пен көкөніс тұтыну қажеттігін айтады.

Сарапшылар қарындағы май бауыр мен ішек маңында пайда болатынын жеткізді, өз кезегінде бұл жүрек аурулары мен диабетке әкеп соғуы мүмкін. Зерттеушілер артық салмағы бар ересек адамдарға тәжірибе жүргізіпті. Олар еріктілерді екі топқа бөліп, біреуін 12 апта бойы күнделікті көк шай ішуге міндеттейді.

Зерттеу нәтижесінде мұндай диетаны ұстанған адамдар толығымен қарнындағы майларынан арылған. Бұған қоса, олардың денелерінде май үлесі төмендеп, салмағы азайған. Ғалымдар көк шай ағзадағы метоболизмді жылдамдатынын алға тартады, осылайша адам көбірек калория жұмсайды екен.

Бұған қоса, мамандар артық салмақтан арылғысы келетіндерге күнделікті жеміс пен көкөніс жеуге кеңес береді. Сонымен қатар тамаққа тұз бен қант қоспау керек. Сөздерінше, майсыздандырылған сүт, соя сусындарын және күніне сегіз стакан су ішу де салмақ азайтуға септігін тигізбек.

 Stan.kz.
Leave A Reply

Your email address will not be published.