Сақалды жігіт Кәмшат Жолдыбаеваға әлемнің сұлулығының жартысыда тең келмейді дейді. Неге? (ВИДЕО)

0 1

 Аман Тасығанның «TalkLike» бағдарламасы бірінші түсірілімнен соң-ақ бірталай шу шығарған еді. «Ұят» сұрақтарды келген қонаққа ашық қоя беретін Аман Тасығаның бұл жобасы жақсы қаралым жинауда.

Бағдарламаның бұл жолғы қонағы әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы, блогер Садық Шерімбек.

Мәселен, Аттила тірі болған кезде уақытының жартысын әлемді жаулауға емес, Кәмшат Жолдыбаеваның жүрегін жаулауға кетіретін еді деп ойлаймын. Тіпті уахи жеткізетін періштелердің өзі Кәмшат Жолдыбаеваның дидарын көзінің қырымен көріп қалған кезде ақылы мен қанаттары өздеріне бағына алмай, Тынық мұхитының бір жағында талып жатқан болар еді»,-деді Садық.

Сонымен қатар, алғашқы сезімінің сегізінші сыныпта болғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, Аман Тасығанның бұл жобасы YouTube  желісінде жарияланып отырады. Бағдарлама шымылдығын «Қалаулымның» жұлдызы Замирамен ашылған еді.

Дереккөз: 365.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.