Тұзды су қандай ауруларды емдейді

0 9

Құрметті оқырмандар, назарларыңызға теңіз суының денсаулыққа пайдалылығы туралы мәлімет ұсынамыз.

Көптеген адамдар бассейні бар теңізде демалғанды жақсы көреді. Бірақ, оның ешқандай пайдасы жоқ, өйткені теңіз суы көптеген аурулар үшін таптырмайтын табиғи және қауіпсіз дәрі болып табылады.

Теңіз суы қандай ауруларға ем

Тұмау, гайморит, созылмалы ринит. Мұрынды тұзды сумен шаю тыныс алуды жеңілдетеді. Себебі, теңіз суы мұрынның шырышты қабығына түсе отырып, буланады. Соның арқасында теңіз суы мұрын қуысындағы артық ылғалды алып тастайды және осылайша ісінуді жояды. Сондай-ақ, осындай әсерге мұрынға арналған тамшыларды қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Бірақ, тамшы тамызған жағдайда шырышты қабықша тамырлардың тарылуына байланысты кішірейеді. Дегенмен, мұрын тамшыларына қарағанда, теңіз су жұмсақ әсер етеді және бейімділік тудырмайды.

Бронх-өкпелік аурулар. Теңіз суында еритін кальций, күкірт және басқа да минералдар, оған қабынуға қарсы және антимикробтық қасиеттерін береді. Ал тыныс алу жүйесінің денсаулығын жақсартқысы келетіндер демалысқа шығатын кезде Жерорта теңізі, Қырым секілді құрғақ ауалы курорттарды таңдағаны дұрыс.

Стресстен арылуға. Теңіз суы йод және бром қосылыстарына қаныққандықтан, күйзелістен арылуға көмектеседі. Бұған қоса, теңіз суында жүйке жүйесінің үйлесімді жұмысы үшін қажетті магний көп. Сондай-ақ, күн ванналары теңіз суының стресске қарсы әсерін арттырады. Өйткені маусымдық көңіл-күйдің бұзылуы көбінесе күн сәулесінің әсерінен денеде өндірілетін Д витаминінің жетіспеушілігінен пайда болады.

Тері аурулары. Есекжем, теңге қотыр, нейродермит және безеу секілді тері ауруларын да теңіз суына түсіп емдеуге болады. Өйткені, тұзды су теріні сәл құрғатып, қабынуды жояды және тіндердің қалыпқа келуін жеделдетеді.

Артық салмақ. Теңіз суы зат алмасу процесін белсендіріп, қан айналымын ынталандырады және денедегі артық сұйықтықты шығарады. Ал арықтау әсері жоғары болу үшін салқын суда шомылу керек.

Жүрек-қан тамырлары аурулары. Кез келген шомылу температураның төмендеуіне байланысты тамырларды және жүректің бұлшықеттерін жаттықтырады. Бірақ, оның ауыз судан айырмашылығы теңіз суының құрамында калий бар. Ал бұл жүрек-қан тамырларының сау болуының негізгі элементі.

Тіс және қызыл иек аурулары. Теңіз суының қабынуға қарсы қасиеттерінің арқасында ауыз қуысының қызыл иегі саулылығын сақтаса, суда ерітілген кальций тіс эмалін қатайтады. Ал тұзды бөлшектер тіс өңезінің жиналуын азайтады.

Қимыл-тірек аппараты аурулары. Теңіз суы буындардың қабынуын және ісінуін жойып, буындағы қан айналымды жақсартады және сүйектерді қатайтады.

Шомылу ережесі

Суда шомыламын деп қатты тоңып қалмау керек. Судың әсері болу үшін 10-15 минут шомылу жеткілікті.

Судан шыққаннан кейін душқа бірден жүгірмеңіз. Тұз және пайдалы элементтер 15 минут бойы теріде қалғаны дұрыс. Бірақ осыдан кейін міндетті түрде душқа түсіңіз. Өйткені, теңіз суының ағзадағы токсиндерді шығаратын қасиеті болғандықтан, денені міндетті түрде шаю керек. Бұдан басқа, тұзды су терінің бетіндегі табиғи ылғалдылықты алып тастайды. Ал бұл әжімдердің пайда болуына әкеледі және күнге күю ықтималдығын арттырады.

Сондай-ақ, теңіз суын ем ретінде қолданғыңыз келсе теңіз жағасындағы суды қолданбаңыз. Ол жиі ластанған болады. Ал ең таза су 2 метр тереңдікте болады. Сондықтан, суға түсіп, сүңгуіңізге тура келеді. Егер сүңгуді білмесеңіз, кем дегенде жағалаудан жүзіп өтіңіз.

Теңіз суын өзіңмен бірге әкеліп, емделуге бола ма?

Өкінішке орай, теңіз суы пайдалы қасиеттерінің көп бөлігін бір күнде жоғалтады. Сондықтан теңіз суын өзіңмен бірге әкеліп, шомылудың еш пайдасы жоқ. Сол секілді тұзды су бассейнінде жүзуден гөрі теңізде шомылған пайдалырақ.

Теңіз суын қоласты құралдардан дайындауға бола ма?

Ол үшін бір стақан суды қайнатып, 37 градус температураға дейін суытыңыз. Содан кейін ас қасық теңіз тұзын қосып, тұз ерігенше күтіңіз. Сосын бір тамшы йод қосып, ерітіндіні дәке арқылы сүзіңіз. Осылай теңіз суына ұқсас суды аласыз. Алайда теңіздің табиғи суы бәрінен пайдалы, өйткені онда тұз бен йодтан бөлек, басқа да қосымша макро және микроэлементтер, сондай-ақ пайдалы микроорганизмдер бар.

Қандай су пайдалы – жылы ма, әлде суық су ма?

Денеге пайдалы болу үшін шомылатын ең қолайлы су температурасы 20-24 градус болуы керек. Егер су бұдан шамалы суық болса, салқын тидіріп немесе цистике шалдығып қалуыңыз мүмкін. Ал тым жылы теңіз суында микробтар көбейе бастайды.

Теңіз суын ішуге бола ма?

Жоқ теңіз суын ішуге болмайды. Себебі, теңіз суының құрамындағы тұздар мен минералдарды тұзды суды шығаруға қарағанда көп сүйықтық кетеді. Сондықтан теңіз суын 5-7 күннен артық ішу пайдалану ағзаның сусыздануына әкеледі.

Дереккөз: stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.