Денсаулықтың басты дұшпаны – тұз

0
265
Spilled open salt shaker on blue background

50 мемлекеттен 210 медицина кәсіпкері Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының (ДДСҰ) қолдауымен “Тұзға қарсы күрес” атты ұранмен, шамадан тыс қолданылған тұз денсаулықтың ең алдыңғы қатарлы дұшпаны деп жариялады.

Тұздың шамадан тыс қолданылуы жүрек ауруы, паралич, қан қысымының көтерілуі, астма және бүйректе тас жиналуының ең басты себептері екендігін анықтаған мамандар, әрі тұтынушыларға, әрі азық шығаратын өнеркәсіптерге “тұзды азайтыңдар” деген жолдаманы тарата бастады.

Мамандардың жасаған зерттеулері бойынша адамның бір күндік тұз қажеттілігі 4 гр. Ең көп алуы керек болған мөлшер 6 гр. Алайда дамыған елдерде, әсіресе дайын азық тұтыну себебімен адамдардың күндік тұз алу мөлшері 12-18 гр дейін жеткен. Егерде бұл шама 3 грамға дейін түсетін болса, дүние жүзіндегі паралич көлемі 22%, ал инфарктан өлім мөлшері 16%-ға төмендейтіні көзделіп отыр.

Бұл зерттеулер 40 жастан кейін тұздың зияндығы одан да арта түсетінін көрсеткен.

Дереккөз: bilim-all.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here