Керіктер қалай ұйықтайды?

0 7

Барлық сүтқоректілердің ішінде ең аз ұйықтайтын жануар – керік. Ол тәулігіне он минуттан екі сағатқа дейін, орташа есеппен алғанда керіктер күніне бар болғаны 1,9 сағат ұйықтайды екен.

Түнде керіктер жиі оянатын болғандықтан, олардың терең ұйқысы бар-жоғы 20 минутқа жалғасады. Сондықтан толықтай демалу үшін, жер бетіндегі ең биік жануарлар  күндіз шамалы қалғып алады екен.

Түнде керіктер бастарын артқы аяқтарының төменгі жағына қою үшін мойындарын бұрып, жатып ұйықтайды. Айтпақшы, олар өте тез ұйқыға жатады – 15-20 секунд ішінде.

Күндіз керіктер мүлдем жатпайды-мыс. Сол себепті  ұйқысының қалған бөлігін тұрған бойы ұйықтап алады. Құлап қалмас үшін аталған жануарлар кейде бастарын екі бұтақ арасына салып қояды. Дегенмен, көбінде мұндай тірексіз-ақ ұйықтай береді. Мойынның мықты бұлшық еттері керіктің еш қиналмай-ақ, тік күйде тұра беруіне көмектеседі.

Бір қызығы, ұйқыдағы керіктің табиғи дене күйі құжат күйінде 1970 жылдарға дейін еш жерде тіркелмепті. Ал осы сәтті (ұйықтап жатқан керікті) алғаш рет Бернгард Гржимек фотосуретке түсіре алды.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.