Әйелдерге ішуге болмайтын сусын

0
28

Cөз жоқ, сыра ерлер үшін де, әйелдер үшін де аса зиян. Алайда, алкогольді сусынның жойқын әсері нәзік жандылар қауымына тиіп отыр.

Сыраны көп ішетін әйелдердің сымбаты ғана бұзылып қоймай, гормоналдық жағдайын өзгеріске түсіреді.

Сыраның құрамындағы фитоэстроген қыз баласының денсаулығы үшін ең жоғарғы қауіпті төндіреді. Аталған зат ағзаға түсісімен гормон теңгерімсіздігіне ұшыратып, соңы бедеулікке соқтырады. Фитоэстроген жүйке жүйесінің бұзылуына да жол ашады. Әйел ашуланшақ, күйгелек, ызақор болып кетеді.

Ал көбікті сусынның салмақты арттыратыны бәріне белгілі.

Сыраның бір бөтелкесінде 200-250 килокалория болады. Бұл дегенің толыққанды түскі астың жартысына пара-пар. Сондай-ақ, негізгі компоненттері (құлмақ, спирт) тәбетті күшейте түседі. Нәтижесінде, қаншалықты мөлшерде тамақ жейтініңізге есеп бере алмай қаласыз.

Сол себепті, тамақтану тәртібіңізге жауапкершілікпен қарап, ағзаңызға пайдасы тиетін, сізді сұлу, дені сау ететін сусындарды таңдай біліңіз!

Ал көбікті сусынның салмақты арттыратыны бәріне белгілі. Сыраның бір бөтелкесінде 200-250 килокалория болады. Бұл дегенің толыққанды түскі астың жартысына пара-пар. Сондай-ақ, негізгі компоненттері (құлмақ, спирт) тәбетті күшейте түседі. Нәтижесінде, қаншалықты мөлшерде тамақ жейтініңізге есеп бере алмай қаласыз. Сол себепті, тамақтану тәртібіңізге жауапкершілікпен қарап, ағзаңызға пайдасы тиетін, сізді сұлу, дені сау ететін сусындарды таңдай біліңіз!

Дереккөз: massaget.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here