Тері демалу үшін тональді кремді немен ауыстыруға болады?

0
440

Жақсы макияждың негізі – тональді крем. Өзінің тығыз құрылымының арқасында ол бет реңкін тегістей алады және тері кемшіліктерін жасырады. Бірақ оны күнде қолдансаңыз, тері шаршайды. Сондықтан кейде тональді кремнің орнына құрылымы одан жеңілірек басқа да құралдар қолданған жөн.

ВВ-крем ВВ-кремнің құрылымы тональді кремге қарағанда жеңілірек және ол бет терісіндегі ұсақ тесіктерді бітеп тастамайды. Сонымен қатар, ВВ-крем теріні ылғалдандырады. ВВ-кремнің SPF-эффектісі бар түрлері де бар. ВВ-кремді бет терісіне тональді крем сияқты бояу жаққышпен, спонжбен немесе қолмен жаға бересіз. СС-крем СС-крем бет терісі түсін сәл өзгертуге арналған құрал. Ол да терідегі ұсақ тесіктерді бітемейді. Бірақ ол бет терісіндегі кемшіліктерді жасырмайды.

Ол көбіне терісі майлы қыздарға жақсы келеді. ВВ-крем мен СС-кремнің айырмашылығын мына жерден оқыңыз. Опа Тональді кремнің орнына опаны қолдануға болады. Бірақ оның құрамы минералды түрін таңдаған жөн. Опаның бетіңізде барын да сезбейсіз. Оны қолдану да оңай. Бет терісін күтімді етіп көрсету үшін кез келген ылғалдандырушы кремнің үстіне опа жағып шығу жеткілікті. Консилер Өте тығыз негіз жағудан шаршасаңыз, консилер қолданып үйреніңіз. Оның көмегімен кішкентай тері кемшіліктерін жасыруға болады. Консилерді көбіне көз айналасына және беттің шығыңқы сүйектеріне жағады.

Корректор Тональді кремнің орнына арасында корректорды да қолдануға болады. Бірақ оны бүкіл бет терісіне жақпаңыз. Біріншіден, оны бүкіл бетке жағу үнемсіз болады.

Екіншіден, корректор – өте қою құрал, оны жаққаныңыз қатты білініп тұрады. Корректорды тек безеу сияқты жасырғыңыз келетін жерге аздап жағасыз. Соңынан оның үстінен опа жағып шығасыз.

Дереккөз: massaget.kz 

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here