Телефонның көк түсі ағзаға қалай әсер етеді?

0
190

Бүгінде смартфонсыз жүрген адамды көрмейсіз. Күнделікті өмірімізді осы бір құрылғысыз елестету мүмкін емес болып кеткендей. Кейде смартфонға шамадан тыс үңіліп, ұйқысыз түндерді өткіземіз. Сағат түнгі 12-ні көрсетіп тұрса да ұйқы келмей, көз ілмейтін кездер де болады. 

Ғалымдар телефонның адам ағзасына зияны туралы көптеген зерттеулер жүргізгеніне қарамастан күннен күнге өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Жақында Aging and Mechanisms of Disease журналында телефонның көк түсінің адамға қалай әсер ететіні туралы ғылыми зерттеу жарияланды. Смартфонды көп қолданған адамның ми жасушасына зиян келіп, өмір сүру ұзақтығына әсер етуі мүмкін. Оған қоса телефонның көк түсі көзді зақымдап, ұйқының бұзылуына әкеп соқтырады.

*Телефонның көк түсі дегеніміз – жасанды жарықтандыру кезінде жиі қолданылатын көзге көрінетін жарық спектріндегі толқын ұзындығы.

Уақытында ұйықтап, түнгі уақытта миға тыныштық беру – адам ағзаны үшін өте маңызды. Алайда көбіміз бұған мән бермейміз. Жатар алдында телефоннан видео көріп, оған қоса ойын ойнап ұйқымызды бұзамыз. Ғалымдар Drosophila melanogaster шыбындарын күніне 12 сағат телефонның көк түсіне ұқсас толқын ұзындығын астында ұстаған. Нәтижесінде шыбындардың миындағы нейрондар мен көз торының жасушаларына зақым келген. Оған қоса шыбындар дұрыс қимылдай алмай, ұша алмаған.

Телефонның көк түсін ми күннің сәулесімен шатастырып, ұйықтауға көмектесетін мелатонин гормонының бөлінуіне кедергі келтіреді. Ғалымдар мелатониннің бөлінуі бұзылмас үшін смартфонды ұйықтар алдында бір сағат бұрын қолданбауға кеңес береді. Apple мен Google секілді ірі корпорациялар телефонның көк түсін азайтып, орнына түнгі режим функциясын қосуды шешкен.

Massaget.kz 

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here