Дұрыс тамақтану мен тұрақты жаттығу — егіз ұғым

0
51

Пайдалы тағам – артық салмақтан арылудың басты жолы. Тамақтану рационын ретке келтірмей тек жатттығу залында тер шығарып, артық салмақтан құтыламын дегеніңіз бос  әурешілік.

Спорт қатерлі ісік, Альцгеймер, артрит және жүрек-қан тамырларының ауруларының алдына алады. Үнемі жаттығу жасап, салауатты өмір салтын ұстанатындардың денсаулығы мықты болатыны сөзсіз. Алайда күні-түні тер төгіп, жаттығу залында салмақ түсіремін дегеніңізбен қалаған нәтижеңізге жете алмауыңыз мүмкін. Өйткені дұрыс тамақтанбасаңыз дене жаттығулары салмақтың түсуіне кепілдік бермейді.

Торонтоның Йорк университетінің жүргізген зерттеуіне сәйкес, тек дене жаттығуына жасаған аздық етеді. Салмақты түсіру үшін майлы тамақтан бас тарту қажет. Күніне орташа есеппен 30 минут жаттығу жасау арқылы қалаған нәтижеге жете алмайсыз. Өйткені салмақ түсіру үшін ағзадағы калория мөлшерінің 500-ден 700-ге дейін жетіспеушілік тудыру керек.

Керісінше тұрақты спорттпен айналысып жүргендер көп жағдайда салмақ жинайды. Бұған сіздің жасаған жаттығу бағдарламаңыздың қате болуы себеп болады. Аризон университетінің ғалымдары спортпен тұрақты айналысқан 81 әйелді бақылаған. Олар пайдалы тағамды тұтынбай, тек жаттығумен шектелген. Зерттеудің қорытындысы бойынша, 81 әйелдің тең жартысы артық салмақтан айырылмай, керісінше қосып алған. Өйткені олар жаттығудан тыс уақытта тамақты артығымен ішіп, күнделікті жаттығуда жоғалтқан калория мөлшерін қайта орнына толтырған.

Артық салмақтан айырылғыңыз келсе мына кеңесті есте сақтаңыз: Тамақтану

Тұтынатын азықтың мөлшерін азайту керек. Ол үшін үйреншікті тамақтың мөлшерін  20%-ға азайтқан жөн. Араға бір ай салып тағы да 20% азайтыңыз. Осындай тәртіп жалғаса берсе адам ағзасы да осы ережеге үйренеді. Тамақтану тәртібін де қатаң сақтаған абзал. Егер жаттығу кешкі уақытта болса, онда тек жаттығу алдында тамақтанған жөн. Ал жаттығу залына таңғы уақытта барар болсаңыз, онда кешкі асты ұмытпаңыз. Сондай-ақ дәл жаттығу алдында тамақтануға болмайды.

Тұрақты жаттығу Жоғарыда атап өткеніміздей, тек спортпен шектеліп қалған дұрыс емес. Сонымен қоса, тек диета ұстап тез арықтаймын деп ойламаңыз.

Дұрыс тамақтану мен тұрақты жаттығу — егіз ұғымдай. Салмақ жоғалту үшін ұдайы жаттығу жасау керек. Орташа жүктеме — 70%. 50% жеңіл қарқынмен жаттығулар – жеңіл жүгіріс, қарапайым жаттығулармен шектеледі.

 Massaget.kz 

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here