Жатысыңызға қарап мінезіңізді таныңыз

0 5

Жеткізе алмаған ойыңызды денеңіз бен бет-бейнеңіз айтады. Мұны психологияда дене, тән тілі деп атайды. Яғни, адамның іс-қимылы мен ым-ишарасына қарап қандай адам екенін тану.

Ым-ишараға адамның жатысы мен ұйықтау әдебі де енеді. Өйткені адам ұйықтағанда пәк күйде жатады да, ойы мен мінезін анық көрсетіп жатады.

The Mirror басылымының жазуынша, мәселен, көрпені бүкіл денесіне жауып, бүркеніп, қаптанып жататын адамдар – қорғанышқа, қолдауға зәру, қамқорлықты жақсы көретін адамдар. Мұндай адамдар құшақтасып ұйықтағанды ұнатады.

Ал төсектің бір шетінде жататындар – тәуелсіз, еркін ойлы адамдар. Олар жатып-тұруға ыңғайлы болу үшін төсектің шетіне құлай салғанды жөн санайды. Бұл олардың кез келген іске дайын екендігін білдіреді.

Қолын басына жастық қып сүйеп жататындар – қазіргі өміріне риза еместер. Бұдан да артық нәрсені қалайды деген сөз.

Жатарда киіммен жататындар да қамқорлыққа, қорғанышқа зәру жандар. Адамға сын айтылған кезде, бұға түсетіні сынды, жай өмірде де адам жайсыздық сезінгенде, қорғануға ұмтылады. Мұндай адамдардың көрпесі кеңірек болғаны жөн. Сонда тезірек ұйықтайды.

Шалқасынан жататын адамдар – өзіне сенімді, ісіне жауап бере алатындар.

Ал сәби сияқты бүрісіп жататындар жанындағы адамдарды бағалайтын, өзіне да бағалағанды ұнататын адам.

Етпетімен жату денсаулыққа зиян. Жүрекке, қан тамырларына күш  пен салмақ түседі. Ең дұрысы – шалқасынан не бір жағымен жату.

 Massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.