Әмиянда сақтауға болмайтын заттар

0 9

Әмиянда сақтауға болмайтын да заттар бар. Оларды жоғалтқан жағдайда денсаулық, уақыт пен жүйке шығындалады.

Банк карталарының пин-коды

Пин-кодты ұмытпас үшін арнайы жазып қоятындар аз емес. Ал оны қағазға жазып немесе шифрлау, одан қалды әмиянда сақтау – тіпті қауіпті. Себебі 4 санның карта пин-коды екенін ажырату қиын емес.

Құпиясөздер

Пин-код сияқты маңызды зат – жеке аккаунттардың құпиясөздері. Зиянкестер жеке аккаунтты пайдаланып қандай тәсілмен болса да достарыңыздан ақша бопсалауы немесе сіздің атыңыздан қарызға сұрауы мүмкін.

Барлық банк карталары

Ойлап көрейік: барлық банк карталарыңыз салынған әмияныңызды жоғалтып алдыңыз. Енді барлығын бірге қайта жасатып, ішіндегі ақшаны шұғыл алу үшін банкке бару керек. Егер кем дегенде бір банк картасы үйде жататын болса, онлайн-банкинг арқылы соған аударып алуға болады.

Үйдің кілтін

Қазір ашық дереккөздерден адамның мекен-жайын тауып алу аса қиын емес. Сондықтан сіздің әмиянда қалып кеткен кілтіңіз ұрыны үйге әкелетін себеп болуы мүмкін.

Чектер

Чек термоқағазына басылатын жазу құрамында бисфенол А уытты зат болады. Ол денсаулыққа кері әсер етеді.

Massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.