Тараз қаласындағы нысандарға 13 мобильді топ бақылау шараларын жүргізуде

0 10

 Тараз қаласына төтенше жағдайды енгізу бойынша бүгінгі таңда  13 жұмыс тобы құрылған. Осы жұмыс топтары Тараз қаласы аумағындағы 11 округте орналасқан объектілерде коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша санитариялық-профилактикалық шаралардың сақталуына бақылау жүргізуде,-деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, мобильді топ бей-берекет көше саудасының болмауын қадағалау, заңсыз жүргізіліп жатқан құрылыстарды анықтау, объектілердің аумағын көріктендіру, қаскелбетінің  эстетикалық образға сәйкестендіру, жабайы жарнамаларды жою және де азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жұмыстарын атқарып жатыр.

 Тараз қалалық  тауарлар мен көрсетілетін  қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Жамбыл облысы аумағында карантин режимін әлсірету туралы» қаулыларын Тараз қаласы аумағындағы объектілерге табыстау жұмыстарын жүргізуде.

Бақылаушы топ мүшелері 2020 жылдың 18-19 мамыры аралағында барлығы 63 сауда объектісі, 3 қоғамдық тамақтану орны, 51 коммуналдық объектілер (сұлуылық салондары), 20 өндірісітік кәсіпорындар, 5 дәріхананы  аралап шықты.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.