Мойынқұм ауданында «Тілге тиек- Жамбыл жырлары!» атты аудандық фестиваль өтті

0
52

Мойынқұм ауданында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры»  бағдарламалық мақаласының «Ұлы даланың ұлы есімдері»  арнайы жобасы аясында  «Тілге тиек- Жамбыл жырлары!» атты аудандық фестиваль  ұйымдастырылды. Шара-Халықаралық ана тілі күні мерекесі аясында , екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы», «ХХғасырдың Гомері», ұлы тұлға-Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналды,- деп жазады «Zhambylnews» АА.

Кешті Мойынқұм аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Мұқашев Мәлік Мұратәліұлы ашып беріп, қатысушыларға ізгі тілегін жолдады. Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл- медресе, мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу- сызуды білмесе де, жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды.

Жамбыл өлеңдері әлемнің барлық тілдеріне аударылған және жарияланған.  Жыр алыбы- Жамбыл шығармашылығына арналған фестивальге ауданымыздың әр елді мекендерінен 25 үміткер қатысып, ақын өлеңдеріне деген құмартушылықтарының дәлелі ретінде жырларын жырлап, өлеңдерін нақышына келтіре оқып, көрермен ризашылықтарына бөленді.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here