Жастар жылы: Таразда «Баста» бизнес-форумы өтті

0
4

Таразда «Баста» бизнес-форумы өтіп, онда болашақ кәсіпкерлер еліміздегі белгілі жас кәсіпкерлермен кездесіп, сұрақ-жауап алмасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш форумға «Жас кәсіпкер» жобасының алғашқы түлектері қатысып, өз бизнесін ашуды армандайтын жастарға ақыл-кеңестерін айтты. Олар ағымдағы жылы басталған «жас кәсіпкер» жобасы бойынша мүмкіндіктер мол екенін жеткізді.

«Бүгінгі күні «Жас кәсіпкер« жобасы бойынша тыңдаушылардың екінші легін оқыту аяқталды. Барлығы 1000 адамды қамту жоспарлануда. Облыс бойынша 10 оқу сыныбы жұмыс істейді. Оқуды аяқтағаннан кейін жастар өз бизнесінің басында гранттар немесе жеңілдікті несиелер ала алады. Бүгінгі форумды біз «Жас кәсіпкер« жобасының түлектерін тек өңірдің ғана емес, еліміздің де жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерімен кездесу мақсатында ұйымдастырдық»,– дейді облыстық Кәсіпкерлер палатасының мамандары.

«БАСТА» форумы алаңында еркін форматта қатысушылар жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің тарихын тыңдап, спикерлерге тікелей өздерін қызықтыратын сұрақтарын жолдады. Спикерлер қатарында кәсіби жауынгер, Alem fighters спорт клубы желісінің иесі, «Ардақ Назаров» қорының құрушысы Ардақ Назаров, «Astana park» кинотеатрының негізін қалаушы Олжас Қуандықов, «Etky»компаниясының иесі Жандос Ахметов бар. Олар өз бизнесін қалай бастағаны, қандай қателіктер жіберілгені және оларды қалай түзетілгені туралы айтты.

«Бизнесте табандылық, шыдамдылық қажет. Әрдайым тәуекел етіп, кез-келген кедергіге дайын болу керек. Қателіктер мен кедергілерді сынақ ретінде қабылдап, шегінуге жол бермеу тырысқан абзал. Өйткені, барлық сынақтардан өтіп, табысқа жеткен соң, сіз Жеңістің шынайы дәмін сезінесіз. Мен «Жас кәсіпкер«сияқты ауқымды жобаның бір бөлігі болып табылғаныма өте қуаныштымын. Бұл жоба жастардың табысты болашағының кепілі. «Жас кәсіпкер« жобасы көптеген болашақ кәсіпкерлер үшін табысқа жетудің бастамасы болады деп сенемін», – деп атап өтті Ардақ Назаров.

Спикерлерге сұрақтар жолдағандардың дені кәсіпті капиталсыз қалай бастау болатынын, қандай салада кәсіпкерлікпен айналысқанның дұрыстығын және жас бизнесмендерге мемлекет қандай қолдау көрсетуде екендігін сұрап, нақты жауаптар алды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here