Облыста «Коворкинг» орталығы ашылды

0 6

Бүгін Тараз қалалық мәдениет үйіндегі орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана филиалында «Коворкинг» орталығының ашылу салтанаты өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Салтанатты шара барысында Тараз қаласы әкімі Ғалымжан Әбдірайымов бейнелі Skype арқылы орталықтың ашылуымен құттықтады.

Бұл кітапханада орналасқан зал қажетті оргтехникамен және жиһаздармен жабдықталған. Сондай-ақ, мұнда тоғызқұмалақ, шахмат ойындарында ойнауға болады. Тіпті, компьютерлерге тегін интернет жүйесіде тартылған. Айта кетейік, орталықта қызметтің барлық түрі тегін көрсетіледі.

Орталық кітапханаға оқырмандарды тарту, кітапхананың қала және облыс тұрғындарына ұсынатын ақпараттық қызмет түрлерін арттыру  мен насихаттау үшін және бизнес құрылымдарымен өзара әрекеттестік қалыптастыру мақсатында ашылып отыр. Коворкинг — бұл еліміздегі жаңа құбылыс (ағылшын тілінен аударғанда Coworking «бірлесе жұмыс істеу») — бұл қарым-қатнас жасау, оқып үйрену және шығармашылық іс-әрекет жасау үшін адамдардың басын қосатын, жеке келіп те, топпенде жұмыс жасай алатын, келісетін, шарт жасасатын және тағы басқа арналған қалалық қоғамдық кеңестік, ұжымдық кеңсе.

Leave A Reply

Your email address will not be published.