Жамбыл облысында «ANTICOR ORTALYGY» сервистік орталығы ашылды

0 13

Жамбыл облысында «ANTICOR ORTALYGY» сервистік орталығының  салтанатты ашылуы өтті ,  деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары Нұрлан  Шабдар, облыстық құқық қорғау, мемлекеттік органдарының бірінші басшылары, қоғам қайраткерлері мемлекеттік қызмет ардагерлері, арнайы мониторингтік топ мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Айта кету керек, бұл орталық Қазақстан бойынша 12 – ші ашылып отырған нысан. «ANTICOR ORTALYGY» ның лентасын қию құрметі Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке және Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары Нұрлан Амангелдіұлы Шабдар берілді.

Қатысушылар мен арнайы қонақтар  орталықтың қызметімен танысу үшін шағын экскурссия жасады.

Орталықта Департаменттің Превенция басқармасының 1 маманы. процессуалдық офицер ашық форматта күнделікті жұмыс атқарады, сонымен қатар,   «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесі , арнайы мониторинг топ және үгіт – насихат штабы мүшелеріне жұмыс орны қарастырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.