Облыс әкімі Асқар Мырзахметов өңір тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады

0 2

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов өңір тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады,деп хабарлайды  «ZhambylNews»  АА  облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысының қабылдауына жазылған азаматтар әр түрлі мәселелерін ортаға салып, тұшымды жауаптар алды. Атап айтқанда, көп балалы аналар атаулы әлеуметтік көмек және «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелерінің қала ішінде тегін жүру мәселелерін көтерді. Өз кезегінде Асқар Исабекұлы аталған мәселелер бойынша бекітіліген ереженің тәртіптерін түсіндіріп, көтерілген мәселе бойынша мүмкіншіліктерді қарастыру үшін жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.

Сондай-ақ қабылдауға жазылған келесі азаматтар өңірге инвестиция тарту және дамыту, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру жөнінде ұсыныстарын айтса, өзге де тұрғындар өз кәсіптерін жандандыруға қол ұшын беруді сұрады. Аталған мәселелер бойынша облыс әкімі заң аясында жұмыстар жүргізілетінін жеткізіп, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеді.
Айта кетейік, өңір басшысы аймақ тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша айына екі рет қабылдау жүргізеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.