Жаңа оқу жылының қарсаңында Жамбыл облысында тегін білім беретін алғашқы жекеменшік мектеп-гимнаиясын ашу жоспарлануда. Бүгін аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев төрт қабатты ғимараттың құрылыс жұмыстарымен танысты,-деп хабарлайды «Zhambylnews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 «ARAI-ELITE» жекеменшік элиталық мектеп-гимназиясы тегін білім беретін облыстағы алғашқы жекеменшік білім ордасы болмақ. Құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталған. Бас мердігер «Арайстроймаркет-2003» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері нысанды жаңа оқу жылы басталғанша пайдалануға беруге уәде етіп отыр.

Төртқабатты ғимарат 1025 оқушыға шақталған. 41 оқу кабинеті, компьютер сыныбы, химия, биология, физика пәндерінің зертханалық кабинеттері, мәжіліс залы, асханасы бар. Сондай-ақ балаларға арнап футбол және баскетбол алаңдары мен ойын алаңшалары салынбақ.

Айта кету керек бүгінде аймақ бойынша 442 мектеп болса, оның 5 апатты, 9-ы үш ауысымды және 8-інде орын тапшылығы бар. Биыл 3 апатты, 3 үш ауысымды және 3 орын тапшылығы бар мектептің мәселесі шешіледі.  18 білім беру нысанының құрылысын жүргізу жоспарлануда. Жаңа оқу жылында  6 мектеп пайдалануға берілмекші.

Облыс әкімі барған  келесі нысан-«ARAI» медициналық орталығы» болды. Ғимараттың  реконструкциялық жұмыстарымен де «Арайстроймаркет-2003» компаниясы айналысуда. 1972 жыллы салынған ғимарат көптен бері жөндеу жұмыстарын қажет етіп келеді. Медициналық орталықта стационарлық, стационарға жатқызу, амбулаторлық-емханалық көмек шаралары көрсетілуде. Мұнда жалпы хирургия және жалпы терапия бөлімдері жұмыс істейді. Бас дәрігер Айдарбек Әбдіғалиевтің айтуынша медициналық орталықтың бір бөлігі бұрынғы қалпында жұмыс істеп, дәрігерлер әлі де науқастарды қабылдауда. Коронавирус пандемиясы жағдайына байланысты дезинфекциялық дәліз ұйымдастырылған.

Облыс әкімі сапалы құрылыс материалдарын қолданып, нысанды мерзімінде пайдалануға беруді міндеттеді. Жалпы Бердібек Сапарбаев құрылыс жұмыстарына көңілі толатынын жеткізді.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here