Жамбыл облысында зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер тақырыбындағы Ашық есік күні өтеді

0
24

«БЖЗҚ» АҚ барша қауымды 2018 жылдың 27 наурызында сағат 10:00-де

Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі 177 мекен-жайы бойынша өтетін Ашық есік күніне шақырады.

Шараға қатысушылардың барлығы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемақы жасау туралы толыққанды және өзекті ақпарат ала алады.

Болашақ зейнеткерлерге келесі сауалдар бойынша кеңес беріледі:

– зейнетақы жүйесін жаңғырту себептері;

– зейнетақы жүйесіне 01.01.2018 жылдан бастап енгізілген өзгерістер;

– кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүргізу тәртібіне енгізілген өзгерістер;

– 01.01.2018 жылдан бастап бекітілген кесте бойынша жүргізілетін зейнетақы төлемдерін есептеу;

– базалық зейнетақыға қатысты өзгерістер.

«БЖЗҚ» АҚ қызметкерлері осы және басқа да сауалдарға қатысты жан-жақты және толыққанды ақпарат береді. Қатысушылар зейнетақы жинақтарының сақталуына орайөздерін толғандырған сауалдарға жауап алумен бірге мамандардан да жеке кеңес ала алады.

enpf.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here