«Астана» қарсыласын ірі есеппен жеңіп, Еуропа лигасының плэй-офф кезеңіне шықты

0 5

«Астана» футболшылары Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында мальталық «Валлеттаны» тағы да ірі есеппен жеңді, — деп хабарлайды Vesti.kz. 

Та-Калиде өткен ойын қонақтардың пайдасына 4:0 есебімен аяқталды.

Матчтың 28-минутында жартылай қорғаушы Серікжан Мужиковтің пасынан кейін форвард Роман Мұртазаев есеп ашты. Араға тоғыз минут салып «Астана» басымдығын ұлғайтты. 37-минутта хорват Марин Томасов қанжығасын майлады.


Үзілістен кейін «Астана» тағы екі гол салды. 68-минутта Мұртазаев дубль авторы атанған. Ал матчтың соңына қарай Томасов та ойындағы екінші голын соқты. Естеріңізге салсақ, «Астана» 8 тамызда өткен бірінші матчта «Валлеттаны» 5:1 есебімен жеңген болатын. Осылайша, екі матчтың қорытындысы бойынша есеп — 9:1.

Енді Еуропа лигасы плэй-офф кезеңінде «Астана» беларусьтік БАТЭ-мен кездеседі. Матчтар 22 және 29 тамызда өтеді. Қазақстандық клуб алғашқы матчты өз алаңында өткізеді. Бұл жұптың қай жеңгені топтық кезеңге жолдама алады.

Дереккөз: tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.