UEFA Конференция лигасы: «Қайрат» алғашқы ойынында «Омонияны» қабылдайды

0
14

Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасы топтық кезеңінің бірінші турында қазақстандық «Қайрат» алғашқы ойынын Кипрдің «Омония» командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды “ZhambylNews” AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кездесу елорда уақытымен 20.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, аталған турнир биыл тұңғыш рет өткізіледі. Онда барлығы 32 команда сегіз топқа бөлінген.

«Қайрат» H тобында сынға түседі. Қарсыластары — Швейцарияның «Базель», Әзербайжанның «Карабах» және Кипрдің «Омония» командалары.

«Қайрат» биыл еурокубок ойындарын Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу сатысынан бастады. Алдымен Израильдің «Маккаби Хайфа» (1:1, 2:0) жеңіп, одан кейін Сербияның «Црвена Звезда» командасына (2:1, 0:5) жол берді. Ал Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында Арменияның «Алашкертінен» (0:0, 2:3) жеңілді.

Конференция лигасы плей-офф сатысында Люксембургтің «Фола» клубының (4:1, 3:1) осал тұсын тапты.

«Омония» 1948 жылы құрылған. Өзінің елінде 21 мәрте чемпион атанды. Биыл еурокубок ойындарын Чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысынан бастап Хорватияның «Динамо Загреб» командасына (0:2, 0:1) жол берді. Одан Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында Эстонияның «Флорасынан» (1:0, 1:2, пенальтиден 2:1) басым түсіп, плей-оффта Бельгияның «Антверпен» (4:2, 0:2, пенальтиден 0:2) жеңіліп қалды. Осылайша Конференция лигасы топтық кезеңінде сынға түсуге мүмкіндік алды.

Айта кетсек, «Омония» 1965/66 жылғы кезеңнен бері еурокубок ойындарына қатысып келеді. 2003-2004 жылғы кезеңде Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында Қазақстанның «Ертісін» (0:0, 2:1) орта жолда қалдырып кетті. Сондай-ақ, бүгін Еуропа лигасы топтық кезеңінің ойындары басталады.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here