“Сапта жүріп ән айту” байқауының аудандық кезеңі өтті

0 10
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 34 жыл толуына және “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында 14 мамыр күні жалпы білім беретін оқушылар арасындағы “Сапта жүріп ән айту” байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
 Байқауға білім бөліміне қарасты 19 мектептің оқушыларынан құрылған команда қатысып, Қаратау ауылдық округі, Есейхан ауылындағы Қаратау орта мектебі бас жүлдеге ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды.
Жеңімпаз команданы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы облыстық кезеңде аудан намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсетуіне тілектеспіз!
Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.