Аудан әкімі Сәкен Мамытов мереке қарсаңында «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

0 34

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, Тараз қаласында салтанатты қабылдау өтіп, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев аудан әкімі Сәкен Мамытовты қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтады. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, халықпен етене жақын жұмыс жүргізіп, тұрғындардың өтініш-тілектерін шешуге атсалысқаны үшін аудан әкіміне жоғары мемлекеттік марапат табысталды.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Сәкен Үмбетұлы Мамытов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бұл марапат – мемлекеттік қызмет саласындағы ұзақ жылғы адал еңбектің және ел игілігі жолындағы жүйелі жұмыстың лайықты бағасы.

Қабылдау барысында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ауданның дамуына серпін беріп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, аудан әкіміне алдағы қызметіне сәттілік пен қажымас қайрат тіледі.

Өз кезегінде аудан әкімі Сәкен Мамытов өзіне артылған сенімді ақтап, жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындауға, халық игілігі жолында аянбай еңбек етуге бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.