Бүгінгі таңда ауданда 1 қала және 23 ауылдық елді-мекен бар Онда барлығы-46563 адам тұрады. Қазіргі таңда қала және 19 ауылдық елді мекен (43950 адам) газдандырылған немесе 94,4%-ы көгілдір отынмен қамтылған. 2027 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу көзделіп отыр.
Қасқабұлақ, Есейхан және Қараой ауылдарын газбен қамтамасыз ету бойынша 2025 жылы жеткізуші газ құбырының құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен 898,2 млн.теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген. Мердігер «Газ-Сервис» ЖШС (жоба құны 2176,9 млн.теңге). Нысан 2026 жылға өтпелі. Қаржыландыру күтілуде.
Аталған ауылдарға ішкі кварталдық газ жүйесінің құрылысына ЖСҚ әзірленген, жоба құны 995,8 млн.теңге.
Көктал ауылының газ тарату желісінің құрылысына ЖСҚ әзірленген, жоба құны 1261,0 млн.теңге.
Бұл жобаларды іске асыру мақсатында, республикалық бюджеттен қаражат қарастыру үшін бюджеттік өтінім берілді.
Сонымен қатар, Қаратау қаласы Б.Момышұлы көшесінің бойындағы 4,88 шақырымды құрайтын жылу желілерін қайта жаңғырту жобасы бойынша облыстық бюджеттен 250,0 млн.теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Жалпы жоба құны 560,0 млн.теңге.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.