Демалыс күндері аптап ыстық қайтып келеді

0 50

Қазгидромет 8–10 тамызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. Соның әсерінен еліміздің басым бөлігінде ыстық әрі құрғақ ауа райы күтіледі.

Кезеңнің соңына қарай еліміздің батысы мен солтүстік-батысында солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалынан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Республиканың шығысында кезеңнің басында, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында барлық күндері оңтүстік циклонның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

Барлық өңір тұрғындарын аптап ыстықтың кезекті толқыны күтіп тұр. Иран аумағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен еліміздің солтүстігі мен шығысында ауа температурасы 35–39°С-қа дейін, оңтүстігінде 35–41°С-қа дейін, ал батысы мен орталығында 36–41°С-қа дейін көтеріліп, өте қатты ыстық болады.

Айта кетелік бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

 

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.