Жамбыл облысында сотталған азаматтарға “Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында есірткіге қарсы спорттық іс-шара ұйымдастырылды

0 56

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ, Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері және Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №67 мекемесінде спорттық іс-шара өткізді.

Іс-шараға жазасын өтеп жатқан сотталғандар мен алдағы уақытта бостандыққа шығуға дайындалып жүрген азаматтар қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – есірткі қылмыстарына төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру, қайта қылмыс жасаудың алдын алу, сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Іс-шара барысында бүгінде есірткінің алдын алу бағытында ерікті ретінде қызмет атқарып жүрген бұрынғы сотталған азамат сөз сөйлеп, өзінің өмір жолымен бөлісті. Ол қылмыстық өткенінен бас тартып, өмірін түбегейлі өзгертуге қалай қол жеткізгені туралы айтып берді.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.