«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 5-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Астана, Ақорда, 2026 жылғы 22 қыркүйек № 1474 Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 1474 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Халық Кеңесінің ҚҰРАМЫ 1. Аймұрзаева Раушан Нұрғалиқызы – Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты 2. Акижанова Гаухар Берікқызы – Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қарағанды облысының халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілі 3. Ақтаев Жандос Берікұлы – «Esti Bol Qory» қоғамдық қорының төрағасы 4. Алтай Алмас – «Eco-social» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, журналист 5. Алтынбеков Бекзат Қомарұлы – Қарағанды облысы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының төрағасы 6. Антоненко Андрей Иванович – дипломатиялық қызмет ардагері 7. Арсютин Николай Геннадьевич – «Орыс, славян және казак этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі, қоғам қайраткері 8. Асанов Латипша Каймаханович – «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы 9. Атайбеков Бақыт Ынтықбайұлы – «Герефорд тұқымының республикалық палатасы» коммерциялық емес ұйымы кеңесінің төрағасы 10. Әбдібеков Нұрбек Елікбайұлы – Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі 11. Әбенов Мұрат Абдуламитұлы – «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері 12. Әбіл Еркін Аманжолұлы – «Мемлекет тарихы институты» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының бірінші орынбасары 13. Әзілханов Марат Алмасұлы – «Шаңырақ» кафедралар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, қоғам қайраткері 14. Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы – «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары 15. Әмірғалиева Айгүл Маулышарифқызы – Атырау облысы мәслихатының депутаты 16. Байрамуков Ислам Ильясович – «Жамбыл облысы қарашайлар мен балқарлар этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, еңбек сіңірген спорт шебері, ХХVІІ жазғы олимпиада ойындарының күміс жүлдегері 17. Бапи Ермұрат Сейтқазыұлы – қоғам қайраткері 18. Бимұратқызы Жанар – Қызылорда облысы Білім басқармасының «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және инновация академиясы» қосымша білім беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы 19. Болатбек Уәлихан Болатбекұлы – Тараз қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары; 20. Борчашвили Исидор Шамилович – «Астана халықаралық университеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жоғары құқық мектебінің профессоры 21. Буларов Лугмар Харкиевич – «Қазақстандағы дүнгендердің этномәдени бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі байқау кеңесінің төрағасы 22. Гаджибалаев Рафаил Сададдин оглы – «Қостанай облысындағы әзербайжандардың «Бірлік» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы 23. Гаджиев Гаджи Шапиевич – «Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитеті» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті 24. Газдиева Белла Асланбековна – «Вайнах» шешендер мен ингуштар қауымдастығы» республикалық этномәдени бірлестігі» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры 25. Гайдай Андрей Николаевич – «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының кафедра доценті 26. Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлы – «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы» кәсіподақтардың республикалық бірлестігінің төрағасы 27. Дәуталиев Қазыбек Нұрсейітұлы – Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы облысы бойынша филиалының директоры 28. Дементьева Наталья Григорьевна – «Аналар мектебі» қоғамдық қорының мүшесі, қоғам қайраткері 29. Джанаев Увайс Хаважиевич – «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы 30. Ертаев Сырым Махамбетұлы – Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі 31. Жақыпов Нұржан Бауыржанұлы – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Almaty Azаmattyq Alliance» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы 32. Жанықұлов Жұмабек Есілбекұлы – «PARYZ» Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілердің (кәсіпкерлердің) ұлттық конфедерациясы» заңды тұлғалар бірлестігі төралқасының төрағасы 33. Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы – «Саламатты Ел» қоғамдық қорының мүшесі, қоғам қайраткері 34. Жаңбыршина Қырмызы Сапарқызы – Қостанай облысы мәслихатының депутаты, Қостанай облысы бойынша «Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үйлестіру кеңесінің мүшесі 35. Жүнісова Фарида Амансарықызы – Жамбыл облысы мәслихатының депутаты, Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы 36. Жұмашев Мейрамбек Тоғысұлы – Қызылорда облысы мәслихатының депутаты 37. Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы – «Қазақстанның Медиа Альянсы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, қоғам қайраткері 38. Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы – Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы 39. Зейнұлқабден Табиғат – Астана қаласы мәслихатының төрағасы 40. Зенченко Геннадий Геннадьевич – Қазақстанның Еңбек Ері, «Зенченко және Компания» коммандиттік серiктестiгiнің бас директоры 41. Иманқұлов Әбдез Рахманұлы – Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі 42. Исбекова Әйгерім Әуезқызы – Қарағанды қаласы Білім бөлімінің «Кәусар» оқушылар сарайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры 43. Исмаилов Акбаржон Яхияхожаевич – «Тәжіктердің республикалық этномәдени бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы 44. Исматуллаев Абдулла Жапарович – «Дустлик» өзбектердің этномәдени қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы 45. Кан Алина Александровна – «Қазақстандағы немістердің республикалық этномәдени бірлестігі» қоғамдық қорының мүшесі, «Ер Азамат» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Alash» тіл үйрету клубының негізін қалаушы 46. Канкуров Станислав Владимирович – «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалының жетекшісі 47. Кенжеханұлы Рауан – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті 48. Кереев Қайрат Нұрғабылұлы – Жетісу облысы мәслихатының депутаты 49. Ким Вера Александровна – «Ұлттық волонтерлік желі» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы 50. Көбеева Алтынай Орманқалиқызы – «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының Алматы қаласындағы басшысы 51. Көпжасарұлы Ерқанат – «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының мүшесі, журналист 52. Куприенко Александр Григорьевич – Қарағанды облысы мәслихатының депутаты 53. Күнәділов Төлеген Нығыметжанұлы – Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Астана қаласының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы 54. Қайдарова Диляра Радикқызы – «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бірінші проректоры 55. Қалтаева Ләззат Молдабекқызы – «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Біріккен Ұлттар Ұйымы Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі 56. Қарт Мерей Мейіртайұлы – Абай облысы мәслихатының депутаты, «Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры 57. Қопабаев Әділхан Амангелдіұлы – «Digital Nomads» IT-қоғамдастығының мүшесі, Apple Inc. мемлекеттік органдармен байланыс және Орталық Азия мен Арменияға арналған саясат бөлімінің басшысы 58. Қоспаева Шолпан Насиболлақызы – Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі 59. Қосшиев Назарбек Төлеуішұлы – Атырау облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Атырау» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы 60. Құрманалин Сағынғазы Даниярұлы – Ақтөбе облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы 61. Құсметова Әсел Нұрланқызы – Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Ұлан ауданы филиалының директоры 62. Қыдырманов Әсет Серікқалиұлы – Жетісу облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Алматы облысы кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы 63. Қисықова Сәуле Дүйсебекқызы – «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесі директорының кеңесшісі, медицина ғылымдарының докторы 64. Лаврентьев Андрей Сергеевич – «Қазақстан машина жасаушылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма мүшесі 65. Лактюшин Дмитрий Николаевич – «Орыс, славян және казак этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары 66. Локшин Вячеслав Нотанович – «Мицва» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының академигі 67. Лукин Андрей Иванович – қоғам қайраткері 68. Мақышев Тұрсынбек Шамбұлұлы – Сәтпаев қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері 69. Малькова-Солопова Алёна Юрьевна – Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Құрылыс-технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының оқытушысы 70. Маткенов Мұрат Қадерұлы – Ұлытау облысы мәслихатының депутаты, Қарсақпай металлургия зауытының директоры 71. Мәлікова Сәуле Зейноллақызы – Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Солтүстік Қазақстан Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры 72. Мельниченко Юрий Васильевич – «Қазақстан күрес федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, еңбек сіңірген спорт шебері, ХХVІ жазғы олимпиада ойындарының чемпионы 73. Микаелян Наринэ Гамлетовна – «Наири» армян этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы 74. Мусин Бағдат Батырбекұлы – Спорттық бағдарламалар жасау федерациясының президенті, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы 75. Мусин Манат Айтбайұлы – Ақмола облысы мәслихатының депутаты 76. Мұқаев Мұрат Рахметұлы – Батыс Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы 77. Мұқанова Роза Қажығалымқызы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, драматург 78. Мухамеджанов Евгений Викторович – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «ECO Network» жобасының негізін қалаушы 79. Мұсабеков Арман Төлегенұлы – Павлодар облысы мәслихатының депутаты, «Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры 80. Мұхтарова Найла Алтайқызы – «Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры 81. Мусапиров Жанұзақ Керімбекұлы – «Қазақстан Республикасының Көркем сурет академиясы» қоғамдық қорының вице-президенті 82. Мүтәліп Шахмұрат – «Қазақстан бокс федерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті 83. Мырзағараев Мәди Жомартұлы – Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы 84. Надыров Камалжан Талғатұлы – «Қазақстандағы ұйғырлардың республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Орталық Азия биотехнологиялар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі 85. Нысанбаев Ерлан Нұралыұлы – мемлекет қайраткері 86. Огузхан Абдулкарим – «Алматы қаласындағы түрікмен этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы 87. Омаров Бауыржан Жұмаханұлы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының академигі, Қазақстан Респубикасы Президентінің кеңесшісі 88. Орынбасаров Нұрсұлтан Жұмабайұлы – Алматы облысы мәслихатының депутаты, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Sagadat Batyr» спорт клубының директоры 89. Орынбеков Думан Рымғалиұлы – Абай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры 90. Осин Кирилл Владимирович – «ЭкоМаңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің директоры 91. Останькович Дмитрий Валерьевич – «Родны кут» беларусь этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы 92. Оторбаев Ардақ Рахметоллаұлы – Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Jasa-Life» орталығы» мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестігінің төрағасы 93. Отыншиев Мейіржан Батырбекұлы – Алматы қаласы мәслихатының төрағасы 94. Павленко Дмитрий Иванович – «Қостанай автомобиль көлігі жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры 95. Поломарчук Борис Викторович – Павлодар облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының оқытушысы 96. Правдина Вера Николаевна – «Шығыс Қазақстан орыс мәдени орталығы» жергілікті этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы 97. Рақышева Ботагөз Исламқызы – «Қоғамдық пікір» зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің доценті 98. Рахметулина Бағдат Сағынғанқызы – Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қауымдастырылған профессоры 99. Рыпаков Денис Сергеевич – Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы 100. Сабильянов Нұртай Салихұлы – қоғам қайраткері 101. Сәдуақасова Айгүл Кәкімбекқызы – «Философия, саясаттану және дінтану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры 102. Сәлімов Алмас Алтайұлы – Түркістан облысы мәслихатының депутаты 103. Серікжанова Әйгерім Телжанқызы – «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қорының креативті технологиялар және жасанды интеллект зертханасының басшысы 104. Соловьёва Ирина Анатольевна – «Семей қаласындағы Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры 105. Спирина Ольга Сергеевна – «Қазақша Speaking Club» қоғамдық жобасының авторы, тележүргізуші 106. Стадникова Лилия Викторовна – Павлодар облысы Білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы 107. Сураган Дурвудхан – «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының академигі 108. Сүйінтаева Гүлқасима Рамазанқызы – Ақтөбе облысы мәслихатының төрағасы 109. Сүлеймен Олжас Серікбайұлы – «Qazaqstan Team» республикалық қоғамдық жастар бірлестігінің жетекшісі 110. Тахтай Василий Сергеевич – «Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі 111. Ташыбеков Манас Нурмаматович – «Қазақстандағы қырғыздардың этномәдени бірлестігі» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары 112. Тварионас Виталий Ионо – «Lituanica» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы 113. Тимощенко Юрий Евгениевич – «Украиндар радасы» этномәдени бірлестігі» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы 114. Төреханов Роман Алмаханұлы – «Қазақстан бокс федерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің құрметті президенті 115. Тұрдалиева Ақнұр Нұрталапқызы – «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы 116. Усанова Руфина Касымовна – «Татар мәдениетінің «Туган тел» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары 117. Ұлжекова Нұргүл Төленқызы – «Қазақстан бочча федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы 118. Хмелевский Виталий Альбертович – «Қазақстандағы поляктар одағы» этномәдени бірлестігі» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы 119. Цхай Александра Сергеевна – «Қазақстандағы корейлер қауымдастығы» этномәдени бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары 120. Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы – Қызылорда облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері, «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры 121. Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы – республикалық Аналар кеңесінің төрағасы 122. Шиповских Геннадий Геннадиевич – «Жастар үні» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі 123. Шыңғысбаева Ләззат Алтынбекқызы – «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы 124. Ысқақова Жұлдызай Амангелдіқызы – «Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы 125. Эктова Ирина Андреевна – Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты 126. Юсупова Әлия Мақсұтқызы – Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «Қазақстан ұлттық гимнастика федерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Ақорданың баспасөз қызметі
Материалдар көшіріліп басылған ретте «Ortalyq Qazaqstan» сайтына сілтеме жасау міндетті. https://ortalyq.kz/memleket-basshysyny-zharly-ymen-aza-stan-haly-ke-esini-ramy-bekitildi/