Елдің бірқатар өңірінде үсік жүреді

0 45

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыстан келген антициклон айқындайды. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болып, ауа температурасы төмендейді.

Бүкіл кезеңде Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, 27–28 қыркүйекте солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың шығысында, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнгі уақытта Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін.

Түнгі және таңертеңгі уақытта кей жерлерде тұман болжанады. Республика облыстарының басым бөлігінде желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Бүкіл кезеңде солтүстікте, шығыста, 27–28 қыркүйекте еліміздің солтүстік-батысында және орталығында түнгі уақытта 1–3°С үсік күтіледі.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.