Талас ауданында 213 спорт нысаны бар

0 138

Талас ауданында 213 спорт нысаны бар. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 16 мың 534 адам шұғылданады, аудан тұрғындарының 29,9 пайызын құрады. 2018 жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 0,7 пайызға өскен, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

2019 жылы аудандық бюджеттен Қаратау қаласындағы бокстан және спорт ойындары түрлерінен балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің стадионын ағымдағы жөндеу жұмыстарына                   6 млн. 496 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ақкөл ауылындағы спорт алаңшасының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 4 млн. 230 мың теңге бөлініп, келісім шарт жасау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Бөлтірік шешен ауылындағы спорт алаңшасының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3 млн. 500 мың теңге бөлініп, конкурстық комиссияның қарауында.

Сонымен қатар, аудандық аймақтық «Жол картасы» әзірленіп 6 спорт нысандарының құрылысы белгіленді. Олардың құрылысы толығымен демеушілер есебінен қаржыландырылады.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.