Биназарлықтар үлгі көрсетуде

0 5

Облыстық «Үлгілі ауыл» байқауына үміткер Мойынқұм ауданы Биназар ауылының жастары  індетке қарсы үлкен азаматтық танытып ауылдағы медициналық пунктке қажетті құралдар алып берді, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Ауыл азаматы ұстаз, ардагер спортшы Қыдырбаев Дүйсенғалидың басшылығымен және ауыл ақсақалдар алқасы жергілікті тұрғындармен бірлесе отырып ауылдағы, сырттағы азаматтардың демеушілік көмегімен 1 млн қаражат жиналып, ауылдағы медициналық пунктке 2 дана — демалу аппараты, 10-пульсометр, 3 дана — небулайзер, 2-кварц аппараты, 2-оттегі жастығы және т.б басқа қажетті дәрі дәрмектер жеткізіп берілді.

Бұл тек бастамасы ғана, алда тағы да ауылға бұдан көбірек дәрі дәрмек аламыз деп отыр ауыл азаматтары.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.