«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнеске түрлі қолдау көрсетіп келеді. «Біздің облыста 76 мың субъекті бар, бұл орташа көрсеткіштен жоғары, оның 17 мыңы шаруа қожалықтары, 40 мыңы жеке кәсіпкерлер. Бұл ретте кәсіпкерлік субъектілерінің 80%-ы қызмет көрсету саласында, 2 мыңы өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс істейді. 2015 жылдан бастап «Атамекен» ҰКП бірқатар қаржылық қолдау шарасын, 4 мамандандырылған қызмет – бухгалтерлік және салықтық есеп, статистикалық есеп беру, заңгерлік көмек, қаржыландыру қызметтерін көрсетуде», – Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Айдар Әбдіқадыров баспасөз туры барысында.
Жалпы облыста 17 мың кәсіпкерлік субъектісіне көмек көрсетіліп, оларға 21 мыңнан астам қызмет ұсынылған.
«Бухгалтерлік есеп және салық есебінің қызметіне сұраныс жоғары. Шағын және орта бизнес субъектілерінде көбінесе штаттық заңгерлер немесе бухгалтерлер жоқ. Екінші құрал – ақпараттық-аналитикалық қолдау. 2015 жылдан бері 34 мың субъектіге 80 мың қызмет көрсетілді. Негізгі міндет – ауылдар мен моноқалалардағы кәсіпкерлік бастаманы кеңейту», – дейді ол.
Ісін жаңадан бастаған кәсіпкерге мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес беріледі, палата заңгерлерінің көмегімен ЖК, ЖШС ашады. Олар оған бизнес-жоспар жазуға көмектесіп, барынша қолдау көрсетеді. Облыста 13 260-тан астам субъекті өз ісін ашып, жұмыс жасап жатыр.
«Үшінші құрал – іскерлік байланыстар, — деп түсіндірді спикер. – Шетелде осындай бейіндегі кәсіпорындардан тақырыптық бизнес-тағылымдамалардан өту, жабдықтар мен технологиялар сатып алу. Бұл қызметті 4 кәсіпкер пайдаланды. Бизнесті жүргізу бойынша бізде тұтас заң блогы бар», – деп толықтырды Айдар Әбдіқадыров.
Баспасөз туры аясында журналистер Жамбыл облысындағы кәсіпорындарды аралады. Жамбыл облысында «Абдрахманов» ЖК мал шаруашылығымен айналысады. «Атамекен» ҰКП қызметкерлерінің кеңестік көмегінің арқасында 2021 жылы жылқы сатып алу үшін 92 млн теңгеге жеңілдетілген несие алды. «Торговый двор» Веллес» ЖШС Кәсіпкерлер палатасының ККО-сына несие алуға өтініш білдірді. Менеджер-кеңесші бизнес-жоспар құруға көмектесті. Бүгінде компания шығаратын өнімдерін – медициналық және білім беру орталықтарына, мектептерге, балабақшаларға, мекемелерге арналған жиһаз желісін кеңейте отырып, өз бизнесін қарқынды дамытып отыр. Жамбылдық «Тараз темір-пром» кәсіпорны құрылыс материалдарын шығаратын құрал-жабдықтар шығарады. ККО тарапынан бизнес-жоспар, іс-қағаздар бойынша көмек көрсетілді.
@zhambyl_business