Мойынқұм ауданы әкімінің міндетін атқарушы Сәбит Төлегенов алтын құрсақты көп балалы ана Надия Тұмақбаеваны қабылдап, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 934 Жарлығына сәйкес, «Алтын алқа» белгісі мен кітапшасын табыс етті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Марапаттау сәтінде Сәбит Орынбетұлы өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ананың рөлі ерекше екенін тілге тиек етіп, балаларын елдің қызметіне лайықты азамат ретінде тәрбиелеген жандар — барлық мақтауға лайық екенін жеткізіп, мемлекет алдында елдің демографиялық өсуіне үлкен үлес қосқан аналарға алғысын білдірді.
Қабылдауда болған Надия Серікбайқызы көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлыққа алғыстарын айтып, естелікке суретке түсті.